«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 3-НҚ нормативтік қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

 «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 3-НҚ нормативтік қаулысы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) апелляция - кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;

2) апелляциялық комиссия - кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін құрылатын комиссия;

3) біліктілік емтиханы - кандидаттың сертификаттау пәндері бойынша емтихан модулін орындау рәсімі;

4) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

5) оқыту ұйымы - мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттарды оқытатын ұйым;

6) емтихан модулі - тест сұрақтарынан және тест нысанындағы ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;

7) кандидат - тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматы;

8) кандидаттың білімін растау - біліктілік емтиханын офлайн режимде тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;

9) байқаушылар - біліктілік емтиханын өткізу процесін байқап отыруды жүзеге асыратын адамдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.